Accessibility links

HRW Нарымбаев пен Мәмбеталинді босатуға шақырды


Human Rights Watch ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).
Human Rights Watch ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін екі айға қамалған азаматтық белсенділер Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбеталинді дереу босатуға шақырды.

Алматының Алмалы аудандық соты 15 қазанда Нарымбаев пен Мәмбеталинді "ұлтаралық араздықты қоздыру" айыбы бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында екі айға қамауға санкция берген. Полицияның мәліметінше, белсенділер "әлеуметтік желіде ұлттың ар-намысына тиіп, ұлттық араздықты тудыратын материал таратқан".

Ұйымның Еуропа және Орталық Азия істері жөніндегі зерттеушісі Мира Риттманның мәлімдеуінше, Қазақстан полициясы "нақты қылмыстармен күресудің орнына Нарымбаев пен Мәмбеталинді тұтқындау арқылы үкіметті сынайтындарға соққы бергісі келеді". Ол "Полиция Нарымбаев пен Мәмбеталинді дереу босатып, нақты жасалған қылмысты ашумен айналыссын" дейді.

Риттман бұған қоса "Қазақстан билігі өте бұлыңғыр әрі мағынасы кең ұлттық араздықты қоздыру айыбын сөз бостандығын тұншықтыруға пайдаланады. Билік қылмыстық кодексті үкіметті сынайтындардың үнін өшіру үшін пайдалануды бірден доғаруы тиіс" дейді.

XS
SM
MD
LG