Accessibility links

Словения: шектен тыс көп мигрант өткізе алмаймыз


Венгрия-Словения шекарасы маңында қоршау орнатып жүрген солдаттар.
Венгрия-Словения шекарасы маңында қоршау орнатып жүрген солдаттар.

Словения сыртқы істер министрі Бостьян Сефич "елдің күніне бес мыңға жуық мигрантты қабылдай алмайтынын" мәлімдеді. Осыған дейін Хорватия бұл елден күніне бес мың мигрантты шекарадан өткізуді сұраған.

Сефич "Сербия, Хорватия және Македония ел аумағына кіретін босқындар санын азайту керек" деп мәлімдеген.

18 қазан күні өткен баспасөз мәслихатында ол "Біз Австрия сияқты мөлшерден тыс мигранттарды қабылдай алмаймыз. Ел шекарасынан күніне 2,5 мың мигрантты ғана өткізе аламыз" деді.

Көптеген босқындар Хорватия мен Словения арқылы Батыс Еуропа елдеріне өтуге тырысады. БҰҰ есебі бойынша, 17 қазан күні Словения шекарасынан төрт мыңнан астам мигрант өткен. Мыңдаған босқын Сербия мен Хорватия шекарасы маңында тұр. Мигранттардың көбі Ауғанстан, Африка елдері, Ирак және Сириядан келген.

XS
SM
MD
LG