Accessibility links

Ресейде Надежда Савченконың соты жалғасады


Украина әскери ұшқышы Надежда Савченконың соттан түсірілген суреті.
Украина әскери ұшқышы Надежда Савченконың соттан түсірілген суреті.

Бүгін, 19 қазан күні Ресейдегі түрмеге қамалған Украина ұшқышы Надежда Савченконың ісіне қатысты прокурорлар айғақтарын ұсынады.

Савченконың өзі және оның адвокаттары "прокуратура тарапынан келетін куәгерлердің көбі жалған тұлғалар болуы мүмкін" деп мәлімдеді.

Адвокаттар процеске сотталушының туысы Вера Савченконың куәгер ретінде қатысуына қол жеткізуге тырысып жатыр. Бұдан бірнеше күн бұрын Савченконың адвокаты Марк Фейгин "Вера Савченкоға 2020 жылға дейін Ресейге келуге тыйым салынғанын" хабарлаған еді.

Украина сыртқы істер министрлігі Вера Савченконың Ресейге келуіне салынған тыйымды "Надежда Савченкоға көрсетілген қысым" ретінде бағалап, "айыптаушы тарап әкелген куәгерлерге адвокаттардың сұрақ қоюына мүмкіндік бермеу үшін жасалған қадам" деп атады. Министрлік комментариінде "куәгерлер ретінде Украина территориясында әрекет етіп жатқан заңсыз әскери құрылымдардың қатысушылары" қатысатыны айтылған.

Киев Ресейдің Еуропа Кеңесі шеңберіндегі міндеткерлігін бұзғанын, Надежда Савченконың Еуропадағы парламенттік ассамблея мүшесі ретіндегі мәртебесін ескермегенін атап көрсетеді.

XS
SM
MD
LG