Accessibility links

БҰҰ: Алепподан ондаған мың сириялық босып шықты


Сирия провинциясы Алепподағы үкімет әскерилері. Көрнекі сурет.
Сирия провинциясы Алепподағы үкімет әскерилері. Көрнекі сурет.

20 қазанда БҰҰ Сирияның екінші үлкен қаласы Алепподан өткен аптада 35 мыңға жуық тұрғынның қашып шыққанын мәлімдеді. Бұл аймақта ресейлік әуе шабуылдарына сүйенген Сирия үкіметінің әскери қимылдары басталған еді.

БҰҰ гуманитарлық мәселелер жөніндегі баспасөз хатшысы Ванесса Хьюганин Алеппоның шеткі жағынан келген босқындардың қаланың батыс провинциясына қарай ағылғанын хабарлады. "Олар азық түлік пен қажетті тұрмыстық заттарға зәру" деді Хьюганин.

17 қазанда Сирия армиясы Алеппоның маңындағы бірнеше елді мекенді басып алған. Сирия мемлекеттік ақпарат агентігінің хабарлауынша, Алеппо, Дамаска, Латаки және Хама аймағын қосқанда 50 шақты аудан ресейлік әуе күштерінің шабуылына ұшыраған.

БҰҰ мәліметіне сәйкес, төрт миллион сириялық азамат босқынға айналса, тағы жеті миллионы 2011 жылы Сирияда басталған қақтығыстан соң үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Қақтығыс кезінде 250 мыңнан астам адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG