Accessibility links

Кремль Асадтың Мәскеу сапары туралы хабарлады


Сирия президенті Башар Асад (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин.
Сирия президенті Башар Асад (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин.

Сирия президенті Башар Асад Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу үшін қазанның 20-сы күні кешке Мәскеуге келді деп хабарлады Кремль.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Сирия президенті бұл жолы Мәскеуге «жұмыс сапарымен» келгенін айтады. Оның сөзінше, Сириядағы исламшыл содырларға қарсы бірлескен әскери кампания жайын талқылауға келген Асадтың Путнимен келіссөзі «террорлық топтарға» қарсы күрес және Ресейдің Сириядағы әскери операцияларының ары қарайғы барысы жайлы болған.Песковтың айтуынша, Асад Путинді Сириядағы үкімет әскерінің жоспары жайлы хабардар еткен.

Путин мен Асадтың Мәскеудегі келіссөздері Пентагон Мәскеу мен Вашингтон арасында Сирия әуе кеңістігінде АҚШ бастаған халықаралық коалиция әскери ұшақтары мен ресейлік әскери ұшақтар арасында төтенше оқиғалардың болып қалмауын көздейтін келісімдер жасалғаны туралы хабарлаған күні өтті. Бұл келісім бойынша ресейлік және америкалық әскери ұшақтардың коммуникациясын қамтамасыз ету мақсатында радиожиіліктері белгіленген. Бірақ келісім екі жақтың бір-бірімен шабуылдайтын нысандар туралы ақпарат алмасуын білдірмейтіні айтылып отыр.

XS
SM
MD
LG