Accessibility links

Прокуратура Facebook-тегі ADAM парақшасын жабуды талап етті


ADAM журналының редакторы Аян Шарипбаев Алматыдағы сот залында. Көрнекі сурет.
ADAM журналының редакторы Аян Шарипбаев Алматыдағы сот залында. Көрнекі сурет.

21 қазанда Алматыдағы Медеу аудандық сотында прокуратураның ADAM журналын жабу туралы ұсынысы қаралды. Аудандық прокуратура журналдың БАҚ ретінде тіркеу куәлігін жойып, оның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасын журналмен бірдей бағалауды талап етті. Сот прокуратура позициясын тыңдады. Журналдың бас редакторы Аян Шәріпбаев сот залында процестен ешқандай логиканы көрмегендіктен ештеңе айта алмайтынын мәлімеді.

Тамыз айының соңында Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қалалық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының арызы бойынша «БАҚ туралы» заңды бұзды» деген негізбен ADAM журналының шығуын үш айға тоқтату және журналға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу туралы шешім шығарған еді.

ADAM журналы сот шешімімен жабылған ADAM bol журналының жалғасы ретінде шыққан. ADAM bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева болатын.

XS
SM
MD
LG