Accessibility links

Мемлекеттік қызмет туралы заң жобасы қабылданды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан парламентінің сенаты бүгін «Мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасын қабылдады деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Қабылданған құжатқа сәйкес, Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер: саяси мемлекеттік қызметшілер (министрлер, облыс әкімдері), «А» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілер және «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілер болып үш корпус бойынша жіктеледі.

«А» корпусына министрліктердің жауапты хатшылары, аудан әкімдері және өзге мемлекеттік қызметшілер жатады. «Б» корпусына орындаушы мемлекеттік қызметшілер енеді.

Заң жобасы бойынша азаматтарды «Б» корпусына әкімшілік мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Осы корпусқа жататын әкімшілік мемлекеттік қызметке іріктеу жалпы және ішкі конкурстардан тұрады. Құжатта «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметке алынатын азаматтар тест сынақтарын тапсырып, өкілетті органның берген қортынды бағасын алуы және жалпы конкурстан өтуі тиіс делінген.

Сенат қабылдаған заң жобасына сәйкес, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшіні конкурстан тыс ауыстыруға болатындар қатарына мемлекеттік органдар бірінші жетекшілерінің кеңесшілері немесе көмекшілері және баспасөз хатшылары ғана жатқызылған.

XS
SM
MD
LG