Accessibility links

Қырғыз түрмесінен қашқан соңғы тұтқын қаза тапты


Алтынбек Итибаев
Алтынбек Итибаев

Қырғызстан билігі жақында тергеу абақтысынан қашып кеткен тұтқындардың бостандықта жүрген соңғысы Алтынбек Итибаевтің мерт болғанынын мәлімдеді. Қырғызстан мемлекеттік жазаны орындау қызметінің хабарлауынша, Итибаевті ұстау кезінде бір бейбіт тұрғын қаза тауып, бір құқық қорғау қызметкері жарақат алған.

Азаттықтың қырғыз қызметінің мәлімдеуінше, Итибаев Бішкектегі тұрғын ұй кешендерінің біріне кіріп алып, полицияға қарумен қарсылық танытқан.

Итибаев қазанның 12-сі күні Қырғызстанның Шу облысындағы Төмөнкү Нооруз ауылында тергеу абақтысынан қашып кеткен тоғыз тұтқынның арасында болған. Тұтқындар қашқан кезде түрме күзетіндегі төрт адамды өлтіргені хабарланған. Кейін іздеу кезінде бес тұтқын ұсталып, төртеуі қашып кеткен.​ Қырғыз билік орындарының хабарлауынша, қашқындардың төртеуі терроризм және экстремизм айыптары бойынша сотталған, олардың екеуі өмір бойғы түрме жазасына кесілген.

Бұған дейін билік орындары ұсталған үш қашқынның түрмеде «жүрегі нашарлап» және «миына қан құйылып» өлгені туралы хабарлаған еді. Бостандықта жүргендерінің ішінде Еділ Абдрахманов Бішкек қаласы маңында ұсталған. Қалғаны оларды ұстау кезінде оққа ұшты.

XS
SM
MD
LG