Accessibility links

Молдова парламенті үкіметке сенімсіздік жариялады


Молдовада қарсылық шеруіне шығушылар.
Молдовада қарсылық шеруіне шығушылар.

Молдова парламенті елдегі қарсылық акциясынан кейін үкіметке сенімсіздік вотумын жариялады.

Енді бұл вотум алдағы күндері қаралады. Қыркүйектен бері шеруге шығушылар Молдова астанасы Кишиневте биліктегі коррупцияға, банк секторының жұмысына қарсылық білдіріп жатыр.

Шерушілер 2014 жылы қарашада елде парламент сайлауы өткенге дейін молдовалық үш банктен 1 миллиард 500 миллион АҚШ доллары жоғалып кетуін тергеуді талап етеді. Олар алаңда шатыр тігіп, апталап наразылық танытқан.

Үкімет қаржы жымқырылуына қатысты тергеу жүргізуге уәде беріп, бірақ отставкаға кетуден бас тартқан еді.

XS
SM
MD
LG