Accessibility links

Ұлттық банк зейнетақы қорынан триллион теңге жұмсамақ


Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов.
Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов.

Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов алдағы 2016 жылы ұлттық банк мемлекеттік зейнетақы қорынан бір триллион теңге (3,6 миллиард долларға жуық) ақша жұмсауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Келімбетов мұны өсімі баяулаған ел экономикасына жәрдем үшін қажет деп түсіндірген.

Reuters агенттігі Ұлттық банк төрағасының «зейнетақы мемлекеттік қорынан алынатын бір триллион теңгенің 400 миллиарды бюджет қажетіне жұмсалады» деген сөзін берген. Ал қаржының қалған бөлігі, Келімбетовтің айтуынша, банктер арқылы берілетін несие түрінде жобаларды қаржыландыруға бөлінбек.

Бұған дейін Қайрат Келімбетов бір АҚШ долларының айырбас құны 277 теңгені құраған кезде «тепе-тең бағам» деп атаған еді. «Теңгенің бұдан ары қарай құлдырауы баға тұрақтылығына және банк секторында капиталдың жеткіліктілігіне қауіп төндіреді» деген Келімбетовтің сөзін келтірген Reuters.

XS
SM
MD
LG