Accessibility links

Skate America: Тұрсынбаева қысқа бағдарламадан соң 7-орында


Элизабет Тұрсынбаева АҚШ-тағы жарыста. Милуоки, 24 қазан 2015 жыл.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева ​АҚШ-тың Милуоки қаласында Skate America ISU Grand Prix жарысына қатысып жатыр.

Қысқа бағдарламада 59.26 ұпай жиған қазақстандық спортшы әзірше жетінші орында тұр. Бірінші орында 70.92 ұпай жинаған ресейлік Евгения Медведова келеді. Америкалық Грэйси Голд (65.39) пен жапониялық Сатоко Муахари (65.12) екінші-үшінші орындарда.

Бүгін жарыстың негізгі бағдарламасы өтеді. Екі бағдарлама қорытындысы бойынша ең көп ұпай жиған жеңімпаз атанады.

Милуокидегі бұл жарысқа қазақстандық Денис Тен де қатысады. Ол бүгін қысқа бағдарлама жаттығуларын орындайды.

XS
SM
MD
LG