Accessibility links

Украина мен Ресей арасында әуе қатынасы тоқтады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазанның 25-інен бастап Украина мен Ресей арасында әуе байланысы доғарылды.

Бұған дейін, жұма күні Брюссельде Еуропа комиссиясы ғимаратында өткен техникалық кездесуде екі тараптың өкілдері ешқандай шешім қабылдаған жоқ, тек әрқайсысы өз ұстанымдарын білдірді деп хабарлаған Украина инфрақұрылым министрі Андрей Пивоварский. Оның айтуынша, Брюссельдегі техникалық кездесу «ресейлік тараптың көптеген өтініштері» бойынша өткен.

Украина Ресей аннексиялап алған Қырым аумағына ұшатын ресейлік әуе компанияларына Украина әуе кеңістігінен ұшуына тыйым салған. Киев 16 қыркүйекте жариялаған санкцияларға ресейлік әуе компанияларынан тек Қырымға ұшпайтын «ЮТэйр» компаниясы ғана ілінбеген.

Бұған жауап ретінде Мәскеу 29 қыркүйекте украиналық барлық әуе компанияларының Ресейге ұшуына тыйым салған еді.

XS
SM
MD
LG