Accessibility links

Польшада бүгін парламентті сайлап жатыр


Сайлау учаскесіндегі дауыс беру. Польша, 25 қазан 2015 жыл.
Сайлау учаскесіндегі дауыс беру. Польша, 25 қазан 2015 жыл.

Польша азаматтары бүгін парламенттің төменгі палатасы – Сеймге 460 депутат, ал жоғарғы палатасы – сенатқа 100 депутат сайлау үшін дауыс беріп жатыр.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, дауыс беру басталар қарсаңда жүргізілген сауалнамалар нәтижесі бойынша, сайлаушылардың қырық пайызы оппозициядағы ең ірі саяси күш – «Құқық және әділеттілік» партиясына қолдау білдірген. Ал сауалнамаға қатысқандардың әрбір төртіншісі осымен қатарынан екі мерзім бойы билікте отырған, қазіргі премьер-министр Эвой Копач басқаратын «Азаматтық платформаны» жақтап дауыс беретіндерін айтқан.

Егер дауыс беру нәтижесі де сауалнама қортындысымен бірдей шықса, онда өз күшімен ғана үкімет құруға партиялардың ешбірінің шамасы жетпей, парламентке өткен аса танымал емес өзге партиялармен коалицияға бірігуге мәжбүр болады дейді сарапшылар.

Қазіргі уақытта бұл сайлауда «Кукиз’15» қозғалысы, «Поляк шаруалар партиясы («Азаматтық платформамен» үкімет коалициясында), біріккен солшылдар және «Қазіргі Рышарда Пэтру» либералдық партия өкілдерінің жеңіске жету мүмкіндіктері бар деп саналады.

Сенбі күні Польша президенті Анджей Дуда ел азаматтарын сайлауға қатысуға шақырған. Бірақ, қоғамдық сауалнама деректері бойынша, дауыс беруге әрбір екінші сайлаушы ғана ниет білдірген.

Азаматтар дауыс беретін сайлау учаскелері алдындағы «экзит-пол» сауалнамасының негізінде сайлаудың алдын ала деректері бүгін жергілікті уақытпен кешкі сағат сегіздің шамасында белгілі болмақ.

XS
SM
MD
LG