Accessibility links

Украинада жергілікті сайлаулар өтіп жатыр


Киевтегі сайлау учаскесінде жергілікті сайлауға дауыс беріп тұрған адам. Украина, 25 қазан 2015 жыл.
Киевтегі сайлау учаскесінде жергілікті сайлауға дауыс беріп тұрған адам. Украина, 25 қазан 2015 жыл.

Украина азаматтары бүгін жергілікті билік органдары сайлауына дауыс беріп жатыр. Ел бойынша 33 мың сайлау учаскесі ашылған. Олардағы дауыс беру нәтижесі бойынша, 359 қаланың мэрлері мен селолық, поселкелік және қалалық кеңестердің 20 мыңға жуық депутаттары сайланбақ.

«Петр Порошенко блогы» партиясы Мариупольде сайлау өтпей қалғаны туралы мәлімдеді. Мариуполь қалалық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау бюллетеньдерін қабылдамай қойды деп хабарлады «Украинская правда» басылымы.

Сонымен қатар бүгін Донецк облысындағы Красноармейскіде сайлау учаскелері ашылмаған. Оның себебін аумақтық сайлау комиссиясы «сайлау бюллетеньдерінде қате кетуіне байланысты» деп түсіндірген.

XS
SM
MD
LG