Accessibility links

Алматыда тағы бір трамвай апатты жағдайда тоқтады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін Алматыдағы Байтұрсынов пен Жамбыл көшесінің қилысында трамвайдың дөңгелегі істен шыққан. Ішкі істер департаменті бұл оқиғаны жол апаты ретінде тіркеген. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Осыған дейін Алматы 21 қыркүйекте Байтұрсынов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында трамвай бірнеше жеңіл көлікті соққан жол апатынан төрт адам зардап шекккен.

Ал 13 қазанда Мақатаев көшесінің бойымен батыс бағытқа қарай келе жатқан 6-маршруттағы трамвай Сейфуллин көшесімен қиылыста 11 көлікпен соқтығысқан. Бұдан соң да жүрісін жалғастырған трамвай Байтұрсынов көшесінде тағы үш көлікпен соқтығысқан. Қазір екі іске қатысты ішкі істер департаменті тексеру жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG