Accessibility links

Мәскеуде сталиндік қуғын құрбандарын еске алды


Мәскеудің Лубянск алаңындағы сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын еске алу акциясына қатысушы. 29 қазан 2015 жыл.
Мәскеудің Лубянск алаңындағы сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын еске алу акциясына қатысушы. 29 қазан 2015 жыл.

Мәскеуде бүгін «Соловецкий камень» ескерткіші жанында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында ұйымдастырылатын «Возвращение имен» («Есімдерін қайтару») сакциясы өтіп жатыр.

Ескерткіш жанына «Мемориал» құқыққорғау ұйымының «Москва. Места памяти» («Мәскеу. Еске алу орындары») жобасының интерактивті көрмесі ашылған.

Бүгін таңертеңгі сағат оннан кешкі онға дейін құқық қорғаушылар, қоғам қайраткерлері, азаматтық белсенділер мен қарапайым тұрғындар кезектесіп сталиндік террор жылдары атылған адамдардың аты-жөнін оқиды. Лубянск алаңында бүгін шамамен екі жарым адамның аты-жөні, кәсіп-мамандығы мен атылған күнін дауыстап оқиды.

«Мемориал» құқыққорғау ұйымы «Возвращение имен» акциясын 2006 жылдан бастап жыл сайын өткізіп келеді. Құқыққорғаушылардың дерегі бойынша, «Үлкен террор» деп аталған 1937-1938 жылдары Мәскеуде 30 мыңнан аса адам атылған.

Мұндай акциялар бүгін және жақын күндері Ресейдің өзге де қалаларында өткізіледі.

1974 жылы совет диссиденті әрі құқық қорғаушысы Кронид Любарскийдің ұсынысымен 30 қазан – СССР-дегі саяси тұтқындар күні деп жарияланған. 1991 жылы 18 қазанда Ресей парламентінің шешімімен саяси тұтқындар күні мемлекеттік күнтізбеге «Еске алу күні» деп енгізілген.

XS
SM
MD
LG