Accessibility links

«Аэрофлот»: Қазақстанның алты қаласына ұшамыз


Ресейдің «Аэрофлот» және «Трансаэро» әуе компанияларының ұшақтары. (Көрнекі сурет.)
Ресейдің «Аэрофлот» және «Трансаэро» әуе компанияларының ұшақтары. (Көрнекі сурет.)

Ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясы Қазақстанның алты қаласына әуе рейстерін ашты.

Енді «Аэрофлот» ұшақтары Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау және Шымкентке жолаушылар тасымалдайтын болады деп хабарлады бейсенбі күні компанияның баспасөз қызметі.

Ақпаратта «Аэрофлот» ұшақтары бұған дейін «Трансаэро» әуе компаниясы қызмет көрсеткен бағыттарға жолаушылар тасымалымен айналысатыны айтылған.

Ресейдің үлкендігі жағынан екінші әуе компаниясы саналған «Трансаэро» өткен айда үкімет шешімімен сол елдің негізгі әуе компаниясы – «Аэрофлот» құрамына енген болатын.

XS
SM
MD
LG