Accessibility links

Оралда уланған 50-ден астам бала ауруханаға түсті


Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Қайрат Әбуов (сол жақта) пен тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департамент директорының орынбасары Сергей Щербин брифингте отыр. Орал, 30 қазан 2015 жыл.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Қайрат Әбуов (сол жақта) пен тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департамент директорының орынбасары Сергей Щербин брифингте отыр. Орал, 30 қазан 2015 жыл.

Батыс Қазақстандағы облысы Орал қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық №11 мектеп-интернаттың 63 оқушысы бүгін таңғы сағат 5 шамасында жағдайлары нашарлап бара жатқанын айтып шағымданып, ауруханаға жеткізілді деп хабарлады жергілікті билік.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сара Есенова ауруханаға жатқызылған балалардың хал-жағдайы бірқалыпты екенін айтты. Бұған дейін балалардың дене қызуы жоғарылап, әлсіздік байқалған.

Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департамент директорының орынбасары Сергей Щербин 30 қазанда өткен брифингте "мамандар уланудың нақты себебін әлі айта алмайтынын" хабарлады.

"Зертханалық сараптамалардың қорытындысы жеті-он күнде дайын болады. Оның себебі ішек немесе жұқпалы ауру болуы мүмкін. Балалар кешкі ас кезінде ет жеп, сорпа ішкен" деді ол.

Интернатта облыстың әр аудандарынан келген 221 бала тұрады. Ауруханаға түскен 63 баланың 50-і әзірге дәрігерлер бақылауында қалатын болды.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG