Accessibility links

НRW Керриді Орталық Азиядағы адам құқығы жайын айтуға шақырды


 АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вена, 30 қазан 2015 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вена, 30 қазан 2015 жыл.

Human Rights Watch (НRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керриді Орталық Азия үкіметтері алдында аймақ елдеріндегі адам құқығының алаңдатарлық жағдайы жайлы ашық айтуға шақырды.

НRW ұйымының Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша директоры Хью Уильямсон АҚШ мемлекеттік хатшысы Орталық Азия елдеріне сапары кезінде адам құқығын бұзу елеусіз қалмайтынын аймақтағы үкіметтер өкілдеріне жеткізуі тиіс деп мәлімдеген.

Халықаралық ұйым Керриді ол сапармен баратын елдердегі саяси астарлы айыптар бойынша сотталған құқыққорғаушылар мен азаматтық белсенділер, баспасөз еркіндігі, бейбіт жиын өткізу бостандығы, дін еркіндігі, азаптау сияқты өзекті проблемалар жайында Орталық Азия елдерінің биліктері алдында батыл мәселе көтеруге шақырған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Орталық Азияның бес мемлекеті – Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан және Түркіменстанға сапарын бүгін Бішкектен бастады.

Джон Керри Астанаға қарашаның 1-і күні келмекші.

XS
SM
MD
LG