Accessibility links

Бухаресте түнгі клубтағы өрттен 27 адам өлген


Өрт болған жерде тұрған төтенше қызмет өкілдері. (Көрнекі сурет.)
Өрт болған жерде тұрған төтенше қызмет өкілдері. (Көрнекі сурет.)

Румыния астанасындағы түнгі клубта шыққан өрт салдарынан кемінде 27 адам қаза тауып, жүзден аса адам зардап шеккен. Жиырма шақты адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Хабарларға қарағанда, Бухарестегі Colectiv атты түнгі клубта жұманың кешінде әуелі жарылыс болып, кейін өртке ұласқан. Төтенше оқиға болған сәтте клубта бірнеше жүз адам – негізінен жастар мен жасөспірімдер болғаны айтылады.

Клубтағы жарылыс пен өрттен дүрліккен адамдар есікке ұмтылып, кейбірі аяқ астында тапталып қалған.

Жарылыстың себебі әзірше белгісіз. Румын полициясы клубтағы қайғылы оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG