Accessibility links

Керри Астанада "Ислам мемлекеті" туралы да айтты


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Назарбаев университетінде дәріс оқып тұр. Астана, 2 қараша 2015 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Назарбаев университетінде дәріс оқып тұр. Астана, 2 қараша 2015 жыл.

Астанаға ресми сапармен келген АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Назарбаев университетінде оқыған дәрісінде: "Халықтың саяси көзқарасын білдіре алмауы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы қатарына тартылатын жастардың көбеюіне әсер етеді" деп мәлімдеді.

Джон Керри АҚШ пен Орталық Азия мен Қазақстанның экономикалық әріптестігі, экологиялық проблемалар, Орталық Азия елдерінің интеграциясы сияқты тақырыптарды да қозғады

Лекция соңында үш студентке сұрақ қою мүмкіндігі берілді. Журналистер сұрақ қоймады.

Керридің дәрісіне Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов, университет қызметкерлері мен студенттер қатысты.

Джон Керри Қазақстанға Орталық Азия елдеріне сапары аясында бірінші рет келіп отыр. Ол бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен.

XS
SM
MD
LG