Accessibility links

"Астана" "Атлетикомен" тең түсті


"Астана" футбол командасының ойыншылары.

Қазақстан чемпионы "Астана" командасы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде испаниялық "Атлетико" клубымен 0:0 есебімен тең түсті.

"Атлетико" - Испанияның 10 дүркін чемпионы. Соңғы рет 2014 жылы чемпион атанған. 2014 жылы Чемпиондар лигасының финалына дейін жетіп, мадридтік "Реалдан" жеңілген.

"Астана" осыған дейін өз алаңында түркиялық "Галатасарай" командасымен 2:2 есебімен тең түскен. Сырт алаңда португалиялық "Бенфикадан" (0:2) және "Атлетикодан" (0:4) жеңілген.

Қазір "Астана" командасы екі ұпаймен С тобында төртінші орында тұр.

Қазақстандық клуб 25 қарашада өз алаңында португалиялық "Бенфика" клубын қабылдайды.

XS
SM
MD
LG