Румыния астанасында түнгі клубта болған өрт құрбандарын еске алу шеруіне мыңдаған адам жиналды. Әу баста Бухарес аудандарының бірінің басшысына наразылық білдірмек болған наразылар онымен бірге елдің премьер-министрі де отставкаға кетуін талап етті. 3 қараша 2015 жыл.
Бухарестегі үкіметке қарсы шеру

1
Қарашаның 3-і күні кешке Бухарестегі наразылық шеруіне өткен аптада қаладағы түнгі клубтардың бірінде көп адамның қазасына соқтырған өрт оқиғасы себеп болды.

2
Қазанның 30-ы күні Бухарестегі Colectiv түнгі клубында шыққан өрт салдарынан 32 адам қаза тауып, 200-дей адам зардап шеккен еді.

3
Наразылық шеруі үкімет ғимараты орналасқан Жеңіс алаңында өтті. Наразылық шарасының өтетіні туралы жұртшылыққа Facebook әлеуметтік желісі арқылы алдын ала хабарланды.

4
Бухаресте орталық көшелердің біріне жиналған адамдар.

5
Демонстранттар Colectiv түнгі клубының жұмыс істеуіне рұқсат берген Бухарестегі 4-аудан басшысы Кристиан Пиедоненің және онымен бірге Румыния премьер-министр Виктор Понта мен ішкі істер министрі Габриэль Опреаның отставкаға кетуін талап етті.

6
Акцияға қатысушылардың бірі баспасөз құралына берген сұхбатында бүгінгі шара – өрт құрбандары рухына құрмет және «үкіметке, аудан мэрі мен апатқа себепкер жүйеге қарсылық» екенін айтқан.

7
Бухарестегі наразылық шеруіне қатысушылар. 3 қараша 2015 жыл.

8
Бухарестегі наразылық шеруіне қатысушылардың арасында жас азаматтар көп болды.