Accessibility links

Қырғызстанда жаңа үкімет жасақталады


Қырғызстан үкіметі. (Көрнекі сурет).
Қырғызстан үкіметі. (Көрнекі сурет).

Қырғызстанда бүгін жаңа премьер-министр сайланып, парламентке үкімет құрамы ұсынылады деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі. Премьер-министр қызметіне осы міндетті уақытша атқарушы Темір Сариевтың кандидатурасы ұсынылған.

Қырғызстан үкіметі баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа үкіметте вице-премьерлер саны төрттен үшке, министрліктер саны 14-тен 12-ге азаяды. Бұдан өзге, мемлекеттік агенттіктер санын 28-ден 24-ке дейін қысқарту жоспары бар.

Қырғызстанда жаңа сайланған парламент - Жогорку Кенештің жұмысқа кірісуіне байланысты 28 қазанда үкімет отставкаға кеткен. Парламенттің жаңа коалициясы құрылып, үкіметтің жаңа құрамын жасақтап болғанша премьер-министр Темір Сариев пен оның орынбасарларына және үкіметтің өзге де мүшелеріне бұрынғы міндеттерін атқара беру жүктелген.

XS
SM
MD
LG