Accessibility links

Протестанттың сотында сарапшылар сөйледі


Ықылас Қабдуақасов, "Жетінші күн адвентистері" шіркеуі мүшесі. Астана, 9 қазан 2015 жыл.
Ықылас Қабдуақасов, "Жетінші күн адвентистері" шіркеуі мүшесі. Астана, 9 қазан 2015 жыл.

Бүгін Астана соты протестанттық "Жетінші күн адвентистері" шіркеуінің мүшесі, «діни алауыздық тудырды» деп айыпталған Ықылас Қабдуақасовтың ісіне қатысты куәгерлерден жауап алды.

Тергеу материалына қарағанда, Ықылас Қабдуақасов 2014 жылдың қарашасы мен 2015 жылдың тамызы аралығында жалға алған пәтерлерде Еуразия университеті студентеріне дәріс оқыған кезде «діни алауыздық тудыратын» пікір айтқан.

Дінтану профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Яков Трофимов "Қабдуақасовтың сөзінде зорлыққа шақыру мен діни алауыздық тудыру белгісі жоқ" деп мәлімдеді. Трофимов ол кездесулер діни қауымның жиыны ретінде өткенін, жиналғандар өздерін христиан деп білетіндерін, мұсылман деп танымағандарын айтады.

Ал Астанадағы сот сараптамасы орталығының сарапшысы Роза Акпарова 47 материалды зерттей келе "Қабдуақасовтың сөзінде зорлыққа шақыру мен діни алауыздық тудыру белгісі бар" деп тапқандарын айтты.

Адвокат Гүлмира Шалдықова сарапшыларға күмән келтіріп, сотты психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысын мойындамауға шақырды.

Протестанттық "Жетінші күн адвентистері" шіркеуінің өкілі, биыл тамыздың 14-інде ҰҚК-нің Астана қаласындағы тергеу абақтысына қамалған Ықылас Қабдуақасов өзіне таққан айыптарды мойындамайтынын айтты. Оның үкімі ертең шығуы тиіс.

XS
SM
MD
LG