Accessibility links

Қырғызстан парламенті - Жогорку Кенеш бүгін ел премьері етіп Темір Сариевті қайта бекітіп, үкіметтің жаңа құрамын мақұлдады. Отырысқа қатысқан 118 депутаттың 117-сі жаңа үкімет құрамын қолдап дауыс берді, біреуі қарсы болды.

Темір Сариев депутаттарға өзіне сенім білдіргені үшін алғыс білдіріп, үкіметтің "ашық, әділ әрі жауапкершілікпен жұмыс істейтінін" айтты.

Үкіметтің жаңа құрамында вице-премьерлер саны төрттен үшке, министрліктер саны 14-тен 12-ге, мемлекеттік агенттіктер саны 28-ден 24-ке қысқарды. Есесіне 2 мемлекеттік комитет пен 2 холдинг құрылды.

Қырғызстанда үкімет жаңа сайланған Жогорку Кенештің жұмысқа кірісуіне байланысты 28 қазанда отставкаға кеткен болатын.

AzattyqTV

AzatNews 21.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:42 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG