Accessibility links

FIFA рейтингінде Қазақстан 11-саты жоғарылады


Футболдан Қазақстан құрамасы.
Футболдан Қазақстан құрамасы.

Қазақстан құрамасы халықаралық футбол федерациясының (FIFA) қазан айына арналған рейтингінде 11 саты жоғарылап, 131-орынға шықты.

Қазақстан өткен айда бұл тізімде 142-орында тұрған. Еуропа чемпионатына іріктеу матчында Латвияны 1:0 есебімен жеңгені үшін Қазақстан ұпай алды.

Рейтингтегі бірінші орынға осы айда үш саты жоғарылаған Бельгия құрамасы шықты. Ал бұған дейін көш басында тұрған Аргентина үшінші орынға түсті. Екінші орында – Германия құрамасы.

Ресей – 23, Украина – 28, Өзбекстан – 71, Беларус – 97, Түркіменстан – 121, ал Қырғызстан – 124-орында тұр.

Келесі FIFA рейтингі 3 желтоқсанда жарияланады.

XS
SM
MD
LG