Accessibility links

Астанада белсенді Мақсат Ілиясұлы ұсталғаны хабарланды


Мақсат Ілиясұлы, "Антигептил" қозғалысының мүшесі.
Мақсат Ілиясұлы, "Антигептил" қозғалысының мүшесі.

«Антигептил» қозғалысының белсендісі Мақсат Ілиясұлы бүгін Facebook-те өзін полиция ұстап әкеткенін хабарлады. Оның танысы Қанат Біләловтің айтуынша, полицейлер Мақсат Ілиясұлының үйіне барған.

Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Азаттыққа әзірге Мақсат Ілиясұлының ұсталғаны туралы мәлімет жоғын айтып, оның полиция бөліміне апарылғаны туралы ақпаратты растап, я жоққа шығара алмады.

Азаттық тілшісі Мақсат Ілиясұлының өзімен хабарласа алмады. Белсенді телефон қоңырауларына жауап бермеді.

Кеше Астанада «Антигептилдің» тағы бір мүшесі Болатбек Біләлов үш күнге қамалған. Ол әлеуметтік желілерде «әлеуметтік араздық қоздыратын» белгілері бар ақпарат таратқан деген күдікке ілінген.

Мақсат Ілиясұлы Болатбек Біләлов сияқты «Антигептил» қозғалысының белсенді мүшесі және Байқоңырдан ресейлік гептил пайдаланатын зымырандардың ұшырылуына қарсы шығып жүрген.

XS
SM
MD
LG