Иран президенті Хассан Роухани осы аптада Еуропаға сапарлайды деп хабарлады осы елдің мемлекеттік IRNA агенттігі. Иран президенттерінің Еуропаға ресми сапармен бармағанына он жылдан асқан.
Роухани сапарын 14 қарашада Италиядан бастайды. Бұдан соң ол 16-17 қарашада Францияға барады. Президент кеңсесінің хабарлауынша, Италияға сапарында Роухани Рим Папасы Францискпен кездеседі. Роуханимен бірге Еурпоаға Иранның бірнеше министрі де бармақ.
Иран мен әлемдік алты держава - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия 14 шілдеде Иранның ядролық бағдарламасын шектеу туралы келісім жасасқан. Келісімде Иранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне осы елге салынған халықаралық экономикалық санкцияларды жұмсарту қарастырылған.