Accessibility links

Airbus апатын тергеуге АҚШ мамандары қатысады


Апатқа ұшыраған Airbus A321 ұшағының сынықтары. Египет, 1 қараша 2015 жыл.
Апатқа ұшыраған Airbus A321 ұшағының сынықтары. Египет, 1 қараша 2015 жыл.

Египет билігі америкалық мамандардың Синай түбегінде құлаған ресейлік ұшақ апатын тергеуге қатысу өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы CNN телеарнасы эфирінде Египет сыртқы істер министрі Самех Шукри мәлімдеді.

Оның сөзінше, тергеуге апат болған Airbus A321 ұшағының қозғалтқышын жасайтын Pratt&Whitney компаниясымен байланысты мамандар тартылмақ. Шукри ұшақ апатын тергеуге алда АҚШ Федералдық тергеу бюросының мамандары да тартылуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Шарм-эш-Шейх қаласынан Санкт-Петербургке ұшып шыққан ұшақ 31 қазанда апат болып, борттағы 224 адам түгел қаза тапқан. Тергеушілер бұған дейін апатқа ұшақ бортында бомба жарылуы себеп болуы мүмкін деген.

XS
SM
MD
LG