Accessibility links

Құқық қорғау ұйымы сайтына жабылатынын ескертті


proizvolkz.net сайтынан алынған скриншот.
proizvolkz.net сайтынан алынған скриншот.

Инвестиция және даму министрлігінің байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитеті қазақстандық халықаралық адам құқығы және заңдылықты сақтау бюросының интернет-ресурсы - proizvolkz.net сайтына жабылуы мүмкін екені туралы ескерту жасады.

"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымының хабарлауынша, ескерту жасауға сайтта өз-өзін өртеу туралы видео жариялануы себеп болған. Ескерту хатында комитет Қазақстандағы бала құқығы туралы заңға сүйеніп, баланың "рухани және адамгершілік тұрғысында дамуына зиян тигізетін" фильмдер, аудио және видео жазбаларды көрсетуге, таратуға тыйым салынатынын айтқан.

Қазанның 24-і күні Тараздағы «Нұр Отан» партиясы ғимараты алдында 1995 жылы туған Ерлан Бектібаев деген азамат өзін-өзі өртеп, сол күні қалалық ауруханада қайтыс болған. Марқұмның өз-өзін өртеген видеосы Youtube желісінде шыққан. Кейін видео бұл желіден алынып тасталды. Өзін өртер алдында ол мұндай жағдайға полиция қызметкерін кінәлап мәлімдеме жасаған еді.

XS
SM
MD
LG