«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы бүгін интернетте Франция астанасындағы шабуылдарды өз адамдары жасағаны туралы мәлімдеме таратты.
Мәлімдемеде жұма күні кешкісін Париждің әр тұсында болған террорлық шабуылдарды ИМ-нің сегіз адамы жасағаны айтылған. ИМ бұл шабуылдар – «Мұхаммед пайғамбарды қорлағаны және ИМ территориясына әуе соққыларын жасағаны үшін кек алу» деп мәлімдеген.
Ресми деректер бойынша, Парижде кешегі терактілер салдарына кемінде 120 адам мерт болып, жүздеген адам жараланған.