Accessibility links

БАҚ: Немцовтың қазасын тергеу ісі ұзартылды


Саясаткер Борис Немцов қаза болған жер. Мәскеу, 13 сәуір 2015 жыл.
Саясаткер Борис Немцов қаза болған жер. Мәскеу, 13 сәуір 2015 жыл.

Ресей тергеу комитеті Мәскеуде қастандықпен өлтірілген оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың қазасы бойынша тергеу ісін тағы үш айға – ақпанның 28-іне дейін ұзартты деп хабарлайды «Росбалт» құқық органдарындағы дереккөздеріне сілтеме жасап. Ол мерзімге дейін тергеушілер қылмысты жасаған деген күдікпен қамауға алынғандарға түпкілікті айып қорытындысын тапсыруды жоспарлап отыр.

Борис Немцов биыл ақпанның 28-іне қараған түні Кремльге жақын тұста атып өлтірілген. Оппозициялық саясеткердің қазасына күдікті ретінде Шешенстанның бес тұрғыны үсталған. Олардың барлығы өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарады.

Немцовтар отбасының адвокаты Вадим Прохоров жақында тергеу орындары Шешенстан тұрғыны Руслан Мухудиновқа кісі өлтіруді ұйымдастырған деп сырттай айып таққаны туралы хабарлаған. Ол мамыр айының соңында осы қылмыстық іс бойынша күдікті тұлға деп танылған.

Тергеушілер қылмысты орындаған деген күдікпен ұсталған Заур Дадаев тергеу кезіндегі жауабында айтқанындай, саясаткерді өлтіргені үшін 25 миллион рубль төлеуге уәде еткен «Русик» деген адам осы Руслан Мухудинов деген болжам ұстанып отыр.

XS
SM
MD
LG