Украина президенті Петр Порошенко елдің шығысында ресейшіл сепаратистер шабуылының күшейгенін айыптады. "Шығыстағы қақтығыс аймағында шабуылдардың көбейгенін көріп отырмыз. Мен әскерімізге өмірлеріне қауіп төнген жағдайда қарсы оқ атуға бұйрық бердім" деді Порошенко.
Шығыс Украинада үйімет күштері мен сепаратистер арасындағы қақтығыс бірнеше аптаға созылған бітімнен соң қайта басталған. Порошенконың мәлімдемесіне дейін украин әскерилері соңғы тәулікте сепаратистер шабуылдарынан бір украин сарбазы қаза тауып, сегізі жараланғанын хабарлаған.
14 қарашада Киев сепаратистердің тіке шабуылдарынан бес украин сарбазы қаза тапқанын хабарлаған. Украина шығысында бітімнің орындалуын бақылайтын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы 13 қарашада соңғы аптада қақтығыстың күшеюі бейбіт процестерді тығырыққа тірейтінін ескерткен.