Accessibility links

Түркия билігі Парижде терактілер болған күні Стамбулда да жоспарланған "ірі террорлық шабуылдың" алдын алғанын хабарлады.

Стамбул полициясы 13 қарашада күдікті бес адамды тұтқындаған. Олардың арасында АҚШ Сирияда ұшқышсыз басқарылатын ұшақ шабуылынан қаза тапты деп хабарлаған британдық содыр "жиһадшы Джонның" серігі болуы мүмкін деген күдікті де бар. Британ азаматы, Сирияда "Ислам мемлекеті" эксремистік ұйымы құрамында кепілге алынған шетелдіктерді күзетті деген күдікті Айне Лесли Дэвис Стамбулдағы арнайы операция кезінде ұсталған.

Дэвис пен өзге ұсталған төрт содырдың Түркиядан Сирияға қашан өткені белгісіз.

Түркия билігі жоспарланған шабуылдың Парижде 13 қарашада болған террорлық шабуылдармен байланысы бар-жоғын анықтап жатыр.

"Жиһадшы Джон" деген атпен танымал ИМ содыры, Ұлыбритания азаматы Мұхаммед Эмвази ИМ-нің Батыс елдері азаматтарын өлтіргені жайлы таратқан видеоларында жиі көрінеді.

13 қарашада кешке Парижде болған бірнеше шабуыл мен жарылыстан 132 адам қаза тауып, 350-ге тарта адам жараланған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG