Accessibility links

Германияда теракт қаупінен футбол матчы өтпеді


Ганновер стадионынан эвакуацияланған адамдар. Германия, 17 қараша 2015 жыл.
Ганновер стадионынан эвакуацияланған адамдар. Германия, 17 қараша 2015 жыл.

Германияның Ганновер қаласында 17 қарашада полиция Германия мен Нидерланд құрамалары арасындағы футболдан жолдастық матчты «жарылыс болу қаупі бары туралы нақты ақпарат түскеніне» байланысты өткіздірмеді.

Германияның DPA ақпарат агенттігінің полиция басшысы Волькер Клювеге сілтеме жасап хабарлауынша, жарылыс болуы мүмкін деген ақпараттан соң полиция стадиондағы адамдарды матч басталуға бір жарым сағат қалғанда эвакуациялаған.

«Бізге стадионда әлдебіреудің жарылыс жасамақ болғанын ескерткен нақты ақпарат түсті» деген Волькер Клюве.

Германия билігі өкілдері, оның ішінде канцлер Ангела Меркель Париждегі терактілерге Германияның именбейтінін білдіру үшін матчты тамашалауға баратын болған.

13 қарашада Франция астанасында бірнеше жерде қарулы шабуылдар мен жарылыстар салдарынан 132 адам қаза тапқан. Соның бірінде, Париждегі Stade de France стадионында Германия мен Франция ұлттық футбол құрамалары жолдастық матч өткізіп жатқанда стадион сыртында үш жанкешті жарылыс жасап, бір адам қаза тапқан еді.

XS
SM
MD
LG