Accessibility links

Нигерияның солтүстік-шығысында жанкештінің жүк көлігіне жасаған шабуылынан 32 адам қаза тауып, 80 адам жараланған.

Адамава провинциясы полициясының өкілі Осман Абубакардың айтуынша, құрбандардың көпшілігі – жүк жеткізушілер мен жарылыс болған жерден кездейсоқ өтіп бара жатқан тұрғындар. Полиция бұл шабуылға «Боко Харам» экстремистік ұйымын айыптайды.

Бірнеше күн бұрын Нигерия президенті Мұхаммед Бұхари «Боко Харам» ұйымы күйреуге шақ тұр деп мәлімдеген.

Нигерия полициясы бұған дейін «Боко Харам» ұйымына қарсы операцияларда содырлардың бірнеше терактісінің алдын алып, ондаған содырдың көзін жойғанын хабарлаған.

Биыл 23 қазанда мешітте екі жарылыс болып, 42 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланған еді. Ол кезде де шабуылды «Боко Харам» ұйымынан көрген.

AzattyqTV

Янценоның соңғы тұрғыны
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:46 0:00
Cолтүстік Қазақстан

Янценоның соңғы тұрғыны

XS
SM
MD
LG