Accessibility links

Париждегі атыста бес адам ұсталды


Полиция арнайы жасағы Сен-Дени ауданында шабуылға қатысы бар деген күдіктілердің бірін ұстап әкетіп барады. Париж, 18 қараша 2015 жыл.
Полиция арнайы жасағы Сен-Дени ауданында шабуылға қатысы бар деген күдіктілердің бірін ұстап әкетіп барады. Париж, 18 қараша 2015 жыл.

Франция билігі Париждің солтүстігіндегі Сен-Дени ауданында 13 қарашада болған терактілерге қатысы бар бес күдікті ұсталғанын хабарлады.

Күдіктілерді ұстау операциясы бүгін таң ата басталған. Полиция арнайы жасағы аудандағы күдіктілер жасырынды делінген көп қабатты үйді қоршауға алып, екі жақ арасында атыс болған.

Полициядағы дереккөздерінің мәліметінше, операцияда терактілерге дем беруші күдікті Абделхамид Абудты ұстау көзделген.

Париж прокуратурасы операция барысында екі күдікті қаза тауып, бес адам ұсталғанын айтады. Қаза тапқандардың бірі - әйел адам өз денесіне байлаған жарылғыш затты жарып жіберген. Үш полиция қызметкері жараланған.

Парижде 13 қарашада 132 адам қаза тапқан терактілерді «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының содырлары мойнына алған. Франция билігі әуелде шабуылдарды сегіз адам жасағанын мәлімдеген. Кейін бақылау камераларында терактілерге қатысы бар болуы мүмкін тоғызыншы адамның түсіп қалғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG