Accessibility links

Қостанайлық заңгер ИМ-ге байланысты сотталды


Қостанай облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет
Қостанай облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет

Қостанай облысы Рудный қаласында тұратын заңгер Болат Сақтанғұлов «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының идеяларын насихаттады» деген айыппен алты жылға түрмеге кесілді деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары Қостанайдағы 2-сотқа сілтеме жасап.

Тергеу оның әлеуметтік желідегі видеороликтері арқылы «терроризм мен экстремизмді насихаттағанын анықтаған».

Қостанай қалалық сотының баспасөз қызметі істі ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) жүргізгендіктен Сақтанғұловтың жазасы туралы ақпарат келісіп алған соң жария етілуі мүмкін екенін айтты.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Сақтанғұлов өзіне таққан айыпты мойындамаған. Оның адвокаты Снежана Ким сот шешімі мен айыптау қорытындысының бірдей екендігін айтып, өзі де, қорғалушысы да сот шешімімен келіспейтінін мәлімдеген. «Наша газета» басылымының жазуынша, Снежана Ким «Бұл терроризмді насихаттау емес, діни тақырыпқа достарымен пікір таластыру болған» деген.

XS
SM
MD
LG