Accessibility links

Түркияда "Еуропада теракт жасамақ болғандар" ұсталды


Кониялық түрік полицей ИМ күдіктісін әкетіп барады. Көрнекі сурет
Кониялық түрік полицей ИМ күдіктісін әкетіп барады. Көрнекі сурет

Түркияда «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қатысы бар және Еуропада теракт жасамақ болды деген күдікпен 8 адам ұсталды.

"Франс Пресс" агенттігінің түріктің "Анатолия" агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, күдіктілер сейсенбі күні Стамбулдағы Ататүрік әуежайына Касабланкадан (Марокко) ұшып келген кезде тұтқындалған.

Күдікті деп танылғандардың бірінен Стамбулдан Грекия, Сербия мен Венгрияға Жерорта теңізі арқылы контрабандашылар қайығымен, бірнеше темір жол және автобус маршруттарымен Германияға баратын мигранттық сапардың толық мағлұматы алынған.

Ұсталғандардың полицияға Стамбулда бірнеше күн болуды жоспарлаған жай ғана туристер екенін айтқандары жалған болып шыққан.

Түркия Еуропаға баратын мигранттар үшін негізгі өтпелі пунктке айналған. Қазір елде Сириядан келген екі миллионнан астам босқын бар.

2015 жылдың тек бірінші жартысында Түркиядан экстремизмге қатысы бар деген күдікпен 700 адам депортацияланған.

XS
SM
MD
LG