«Қазақстанда қосымша қауіпсіздік шаралары күшейтілді» деп хабарлады бүгін ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметі.
«Мемлекеттік қорғауға жататын объектілерде полицияның қосымша қосындарын орнату арқылы режимдік және бақылау шаралары күшейтілген» дейді министрлік.
Министрлік терроризммен күресті үйлестіру ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүктелгенін хабарлаған.
Министрлік жекелеген орындарда бақылау мен тексеру күшейтілуінің себебін Парижде 13 қарашада болған, 132 адам қаза тауып, 350-ден астам адам жарақаттанған теракт салдарымен түсіндіреді.