Франция парламентінің төменгі палатасы - ұлттық ассамблея 13 қарашадағы Париждегі терактілерден соң елдегі төтенше жағдай режимін үш айға дейін ұзарту туралы заң жобасын қабылдады.
Төтенше жағдайды созу туралы шешім 20 қарашада парламенттің жоғары палатасы - сенатта талқыланады.
Франция президенті Франсуа Олланд Париждегі 132 адам қаза болып, 350-ден астам адам жарақаттанған шабуылдардан кейін елде төтенше жағдай жариялап, шекараны жапқан.
Париждегі терактілердің жауапкершілігін «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алған.