Accessibility links

Telegram: ИМ-ге қатысы бар арналар жабылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейлік программист Павел Дуров жасаған Telegram ұялы байланыс қосымшасы «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобының мүшелері мен содырлары пайдаланатын каналдарды жапқан. Бұл туралы Telegram қосымшасы әкімшілігі таратқан ақпаратта ИМ содырлары өз үгіт-насихаты үшін пайдаланып келген 12 тілде жүргізілетін 78 арна жабылғаны айтылған.

Соңғы кезде ИМ содырларының «Одноклассники» мен «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен біршама қауіпсіз, хат-хабар және мультимедиялық материалдар алмасатын Telegram желісіне көше бастағаны байқалған.

XS
SM
MD
LG