Қазақстанның үш облысында бұрқасын мен көктайғақтан жолдар жабылды деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.
Ақомла облысында 20 қарашаға қараған түні бұрқасын мен жолдың нашар көрінуіне байланысты Қостанай-Әулиекөл-Сұрған жолы, Жақсы-Есіл-Бозылық жолы, Екатеринбург-Алматы және Жезқазған-Петропавл жолдары жабылған.
Қостанай облысында Жезқазған-Петропавл жолы мен Қостанай-Сұрған арасындағы жол жабылған.
Қарағанды облысында көліктердің Жезқазған-Петропавл жолымен жүруіне уақытша шектеу қойылған.