Accessibility links

Швецияда "теракт жасамақ болған" адам ұсталды


Швеция полициясы. (Көрнекі сурет.)
Швеция полициясы. (Көрнекі сурет.)

Швеция билігі елде «теракт жасамақ болған» адам ұсталғанын хабарлады. Швеция арнайы қызметіне сілтеме жасаған France Press агенттігінің хабарлауынша, Ирак азаматы Мутар Мутанна Маджид 19 қарашада Швецияның солтүстік-шығысындағы Болиден қаласында босқындарға баспана беру орталығында ұсталған.

DPA агенттігінің Швеция қауіпсіздік қызметінің (SAPO) ресми өкілі Фредрик Милднерге сілтеме жасап хабарлауынша, күдіктіні ұстаған кезде ешқандай төтенше оқиға болмаған. Милднер елде теракт жасалу қаупі әлі жоғары екенін айтады. SAPO жетекшісі Андерс Торнберг арнайы қызмет барлау мәліметтеріне сүйеніп әрекет еткенін және күдіктіні тұтқындау Парижде 13 қарашада болған терактілермен байланысты емес екенін айтқан.

13 қарашада Париждің бірнеше жерінде болған терактілерден 132 адам қаза тауып, 350-ге жуық адам жараланған.

XS
SM
MD
LG