Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян провинциясында тау-кен кәсіпорны шахтасындағы өрт салдарынан 21 адам қаза тапқан. Хабарсыз кеткен бір адамды іздестіріп жатыр.
Қытай мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шахтадағы өрт оқиғасы жұма күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат онға жақын болған.
Төтенше оқиға болған кезде шахтада 38 адам болған. Өрт шыққан кезде олардың 16-сын шахтадан шығарып үлгерген.
Қытайдың тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарында көп адамның қазасына себеп болатын апатты жағдайлар жиі қайталанады.