Accessibility links

Брюссельде теракт қаупінен метро уақытша жабылды


Брюссельдегі Гран-Плас терезесінен сыртты бақылап тұрған қарулы полиция қызметкерлері. Бельгия, 20 қараша 2015 жыл.
Брюссельдегі Гран-Плас терезесінен сыртты бақылап тұрған қарулы полиция қызметкерлері. Бельгия, 20 қараша 2015 жыл.

Бельгия астанасында террорлық қауіп ең жоғарғы деңгейге ауыстырылған соң Брюссельде бүгін метро жабылып, ондағы көлік қатынасы тоқтатылды. Қаладағы қоғамдық көлік операторы STIB кәсіпорны сайтында жарияланған хабарламада бұл сақтық шарасы Бельгия ішкі істер министрлігінің дағдарыс орталығының кеңесі бойынша жасалып отырғаны айтылған.

Қазір қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын автобустар жұмыс істейді. Брюссель тұрғындарына жұрт көп жиналатын жерлерден аулақ болуға және мүмкіндігінше үйлерінен шықпауға кеңес берілген.

Кеше кешкісін Бельгия билігі Брюссельдегі террорлық шабуыл қаупінің көрсеткішін ең жоғарғы – төртінші деңгейге дейін көтеруге шешім қабылдаған.

«Жағдайды талдау барысында анықталған, [адамдарға] тікелей төнетін қауіп-қатерлер ерекше сақтық шаралары мен тұрғындарға арналған егжей-тегжейлі нұсқаулық қабылдауды қажет етеді» делінген бельгиялық қауіп-қатерлерді талдау орталығының мәлімдемесінде.

17 қарашада Бельгияның бүкіл аумағында террорлық қауіп көрсеткіші екіншіден үшінші деңгейге көтерілген еді.

Өткен аптада Париждегі қарулы шабуылдарға қатысы бар деген күдікпен Бельгияда брінеше адам ұсталған. 13 қарашада Франиця астанасында болған террорлық шабуылдар салдарынан, соңғы деректер бойынша, 130 адам қаза тауып, 350-ден аса адам жараланған.

XS
SM
MD
LG