Accessibility links

Жаңа еңбек кодексі қабылданды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 18 қараша 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 18 қараша 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа еңбек кодексіне қол қойды деп хабарлады Ақорда сайты.

Еңбек кодексінің жаңа жобасын 5 қарашада Қазақстан парламенті қабылдаған.

Кодекс жобасында еңбек келісім-шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша үзуге болатын негіздер кеңейтілген. Жоба бойынша, жұмыс берушінің бастамасымен келісім-шарт «өндіріс және орындалатын жұмыс пен көрсетілетін қызмет көлемі азайып, ұйымның экономикалық жағдайының нашарлауына» әсер еткен жағдайда үзілуі мүмкін. Жұмыс берушіге кәсіпорын жұмысы тұрып қалғанда жұмысшыларды олардың денсаулығына зиян емес кез-келген басқа жұмысқа өздерінің келісімінсіз ауыстыра алатындай құқық беру көзделген. Бұдан өзге жобада жұмыс берушіге зейнет жасына жеткен жұмысшымен келісім-шартты тоқтату құқығы берілген. Жаңа еңбек кодексінде мұндай негіздердің пайда болуын жоба авторлары «экономикадағы қазіргі ауыр жағдаймен» түсіндірген.

Бірқатар кәсіподақ жетекшілері еңбек кодексі жобасын сынап, қарсылық танытқан. Мұнайшылар кәсіподақтарының өкілдері президент Нұрсұлтан Назарбаевты даулы заң жобасын қабылдамауға шақырған.

XS
SM
MD
LG