Accessibility links

Синайда содырлар қонақ үйге шабуыл жасады


Эль-Ариштегі жарылыс орны. 24 қараша 2015 жыл
Эль-Ариштегі жарылыс орны. 24 қараша 2015 жыл

Египеттегі Синай аймағының солтүстігіндегі шағын қонақ үйге содырлар шабуыл жасап, төрт адам - екі полицей мен екі сот судьясы қаза болып, 12 адам жараланды.

Шабуыл теңіз маңындағы Эль-Ариш қаласындағы Swiss Inn қонақ үйіне жасалған.

Египет билігінің хабарлауынша, рульде жанкешті отырған мина салынған автомобиль ғимаратқа жақындауға тырысқан, бірақ полиция мен күзетшілердің машинаға жаудырған оғынан жарылып кеткен.

Төңіректегі абыр-сабырды пайдаланып екі содыр қонақ үйге кіріп үлгерген. Олардың бірі беліндегі жарылғыш затты жарып жіберсе, екіншісі қонақ үй нөмірлерінің біріндегі судьяны атып өлтірген.

"Ислам мемлекеті" экстермистік тобы шабуылды өздері ұйымдастырғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG