Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 30 қарашада жыл сайынғы халыққа жолдауын жасайды деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев.
Facebook-тегі Ақорданың аккаунтында Абаевтың атынан жарияланған хабарламада президент жолдауын республикалық бірнеше телеарнада тікелей эфирде көрсету жоспарланып отырғаны айтылады.
"Президенттің үкіметтің кеңейтілген жиынында айтқанындай, жолдау әлемдік дағдарыс кезіндегі Қазақстанның іс-қимылына арналады" деген Дәурен Абаев.